2022 жылдан бастап жалпы 738,2 мың гектар жер мемлекетке өтті, оның ішінде 140 мың гектары егістік алқаптар, ал 550 мың гектардан астамы жайылымдық жерлер. Бұл ақпарат “AMANAT” партиясының облыстық филиалы жанындағы “Жер аманаты” комиссиясының кезекті отырысында талқыланды.

Жер ресурстарын басқару бөлімінің басшысы Жалғас Сүлейменовтің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері 130-ға жуық тексеру жүргізіліп, 270 мың гектарға жуық аумақ қамтылған. Тексерулер барысында 81 заңбұзушылық анықталып, кінәлілерге 9 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Сонымен қатар, кейбір шаруа қожалықтары пайдаланылмай жатқан 30 мың гектар жерді өз еріктерімен мемлекетке қайтарған.

Облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Асхат Рамазанов қайтарылған жерлердің 387 мың гектары ауыл тұрғындары мен фермерлерге қайта бөлінгенін атап өтті. Ағымдағы жылы 100 мың гектар жерді мемлекетке қайтару жоспары 64% орындалған. Дегенмен, Тайынша, Ақжар және Айыртау аудандарында жұмыс қарқыны төмен. Жергілікті әкімдіктер алдағы уақытта бұл олқылықтарды жоюға уәде берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *