Ильичевка ауылында орналасқан “Green Gold Ilyichevka Factory” құрама жем зауыты қытайлық құрал-жабдықпен жабдықталып, сағатына 80 тонна өнім өндіреді. 40 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын тауарын экспортқа да шығарады. Жобаға 2,8 млрд теңге инвестиция салынып, “DAMU” қоры қолдау көрсеткен. Болашақта қойманы үлкейтіп, жаңа жабдықтар алуды жоспарлап отыр.

Ал “Тайынша Май” серіктестігі – майлы дақылдарды өңдеп, өсімдік майы мен күнжара өндіретін ірі кәсіпорын. Еуропалық жабдықтар орнатылған өндіріс орны тәулігіне 1000 тоннаға дейін шикізат өңдей алады. Жылына 360 мың тонна рапс өндіру арқылы ТМД көлемінде теңдесі жоқ кәсіпорынға айналған. Май экспортқа жіберілсе, күнжара ішкі нарықта сатылады.

Аудан әкімі Берік Әлжановтың айтуынша, негізгі басымдық майлы дақылдарға берілуде. Бұл шаруаларға қосымша табыс әкелмек.

2025 жылдың басынан бері “DAMU” қоры Солтүстік Қазақстанда 300-ден астам жобаны қолдады, оның 10 пайызы – Тайынша кәсіпкерлерінің үлесі. Қор кәсіпкерлерге кепілдік беру және субсидиялау арқылы қолдау көрсетіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *