Қазақ-Қытай Іскерлік кеңесі аясында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросының тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсянның қатысуымен корпорациямен бірлесіп М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ғылыми Аграрлық Орталық құру жөнінде Меморандумға қол қойылды.
Құжатқа Басқарма Төрағасы –Ректор Ербол Исақаев пен «Айцзю»корпорациясының директоры Цзя Цзин қол қойды.

Қол қойылған меморандум СҚУ-дың «Айцзю»корпорациясы және Қозыбаев университетімен 2017 жылдан бері әріптестік орнатқан Қытайдың солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен бірегей ғылыми-білім беру серіктестігін дамыту үшін негіз болмақ. Келешекте озық агротехнологияларды енгізу, жоғары білікті мамандарды даярлау, инвестициялар тарту және Қазақстанның аграрлық секторының халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін платформа құрылады.