2025 жылдың 11 қыркүйегінде Қытайда Xiaomi компаниясы жаңа электронды кітап оқуға арналған құрылғысын шығарды. Жаңа модельдің басты ерекшелігі — 512 гигабайтқа дейінгі жады. Бұл көрсеткіш қазіргі танымал кітап оқуға арналған құрылғылардан әлдеқайда жоғары: мысалы, Kindle-де бар болғаны 32 ГБ ғана.

Құрылғы 5,84 дюймдік электронды сия (E Ink) экранымен жабдықталған. Экранның ажыратымдылығы — 1440 × 720 пиксель, арнайы AG шынымен қапталған. Сондай-ақ, ол жарық пен түс температурасын 32 деңгейде реттеуге мүмкіндік береді және 256 түрлі сұр реңкті көрсете алады. Бұл көзді шаршатпай, күндіз де, түнде де ыңғайлы оқуға жағдай жасайды.

Өлшемдері де ықшам: 158,9 × 78,6 × 6,9 мм, салмағы небәрі 140 грамм. Яғни, көлемі кәдімгі смартфонға жақын, дәстүрлі электронды кітаптарға қарағанда шағын әрі жеңіл.

Техникалық сипаттамаларына келсек: құрылғыда Rockchip RK3566 процессоры, 6 ГБ жедел жады бар. Батареясының сыйымдылығы — 2250 мА·сағ. Сонымен қатар, Bluetooth 5.1 және Wi-Fi 5 сымсыз қосылымдарын қолдайды. Құрылғыда кіріктірілген динамиктер де бар, сол арқылы аудиокітаптарды тыңдауға болады.

Бағасы Қытайда 1399 юань (шамамен 196 АҚШ доллары) болып белгіленді. Сатылымы 2025 жылдың 22 қыркүйегінен басталады. Әзірге халықаралық нарыққа қашан шығатыны туралы ақпарат жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *